Бракераждық комиссия мүшелерінің жұмыс барысы
"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес бөбекжай-бақшамызда бракераж комиссиясы жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар:
-тамақ өнімдерін тасымалдау, жеткізу және түсіру кезінде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырды;
- ас блогының (қойма және басқа да үй-жайларды қоса алғанда) санитарлық жағдайын, ыдыс-аяқты жинау сапасы мен жай-күйін және жуылуын бақылауды жүзеге асырды;
- ас мәзірінің дұрыс жасалуын қадағалады;
- ас блогындағы жұмыстың ұйымдастырылуын бақылады;
- түсетін шикізатты қабылдауды, сақтау шарттарын, өткізу, пайдалану мерзімдерін, аспаздық өңдеуді, тамақ өнімдерін дайындау технологиясын бақылауды жүзеге асырды;
-қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылады;
- дайын тамақтың органолептикалық бағасын жүргізді, яғни оның түсін, иісін, дәмін, конситенциясын, қаттылығын, шырынын және т. б. анықтады;
- дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексерді. Ата-аналар өз ұсыныстарын айтып, бөбекжай-бақшаның жұмысына ризашылықтарын білдірді.